03.12.2025 09:35

Беллингем ат басын Парижге бұруы мүмкін

03.12.2025 09:35

Дортмунд «Боруссиясының» жартылай қорғаушысы Джоб Беллингем мансабын Францияда жалғастыруы мүмкін

Mirror хабарлауынша, 20 жастағы ағылшынға дәл қазір «Париж» көз тігіп отыр. Елорда клубы Беллингемді қыста қатарына қосып алғысы келеді. Ал «Боруссия» тек жалға беруге ғана дайын екен.

Беллингем «аралар» қатарына өткен жазда «Сандерлендтен» ауысып келген еді. Осы аралықта 24 ойында бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram