03.12.2025 09:13
«Барселона» ойыншысы қатардан шықты
03.12.2025 09:13
«Барселона» жартылай қорғаушысы Дани Ольмо жарақат алды

Испан футболшысы «Атлетикоға» (3:1) қарсы ойын барысында сол иығын шығарып алыпты. Осыған байланысты алдағы үш апта көлемінде командасына көмектесе алмайды.
Бұл оның мансабындағы 14-жарақаты болды. Бұған дейін 394 күні емделуге кетіп, 90 матчтан тыс қалған. Ал осы маусымда Ла Лигада 13 ойында төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді.