03.12.2025 07:14

Левандовски екінші рет пенальтиден мүлт кетті

03.12.2025 07:14

Левандовски - бір маусымда Ла Лигада екі пенальти соға алмаған «Барселона» тарихындағы алғашқы ойыншы

«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски Ла Лиганың 19-турында «Атлетикоға» қарсы матчта пенальтиден гол соға алмады. 37 жастағы поляк футболшысы есеп 1:1 болып тұрған сәтте, 36-минутта он бір метрлік айып добын орындауда мүлт кетті.

Роберт «Барселона» тарихында бір маусым ішінде Ла Лигада екі пенальтиді орындай алмаған алғашқы футболшы атанды. Еске салайық, 5 қазанда Левандовски «Севильяға» қарсы өткен матчта да (1:4) пенальти соға алмаған болатын.

Осы маусымда Роберт клуб сапында 15 матчқа қатысып, 8 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram