03.12.2025 11:03
АПЛ клубы бас бапкерсіз қалуы мүмкін
03.12.2025 11:03
«Лидс» бас бапкері Даниэле Фарке жақында жұмыссыз қалуы мүмкін

The Guardian хабарлауынша, 49 жастағы маманның жұмысына клуб басшылығының көңілі толмай отыр. Фаркенің командадағы тағдыры алдағы екі ойында шешіледі екен. Егер «тауыстар» «Ливерпуль» мен «Челсиге» қарсы ойында бірде-бір ұпай ала алмаса, бапкерді мезгілінен бұрын жұмысынан босатады.
Қатарынан төрт матчта жеңілген «Лидс» Ағылшын Премьер-лигасында 11 ұпаймен 18-орында келеді.