15.01.2026 21:15
Симеоне «Атлетикода» қалды
15.01.2026 21:15
«Атлетико» Джулиано Симеонемен келісімшартты ұзартты

Қос тарап 2028 жылға дейін жарамды болған келісімді 2030-ға дейін созды.
Бас бапкер Диего Симеоненің туған ұлы Мадрид клубының намысын 2022 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта 78 матчта сегіз гол соғып, 16 нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, 19 турдан кейін 38 ұпай жинаған «матрасшылар» Испания Ла Лигасында төртінші орында келеді.