15.01.2026 20:42

Абрахам АПЛ-ге оралуы мүмкін

15.01.2026 20:42

«Бешикташта» жалда жүрген «Рома» ойыншысы Тэмми Абрахам мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

The Times хабарлауынша, 28 жастағы ағылшын форвардына «Астон Вилла» көз тікті. Бирмингемнің клубы оған 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болатын келісімшарт ұсынбақ. Тэммиді бас бапкер Унаи Эмери аттай қалап отыр екен.

Айта кетейік, Абрахам «Астон Виллада» 2018/19 жылдары ойнаған еді. Ал осы маусымда 24 матчта 12 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram