15.01.2026 19:13

Рафинья бүгін ойнамауы мүмкін

15.01.2026 19:13

«Барселона» дүлдүлі Рафинья «Расингке» қарсы матчқа қатыспауы мүмкін

Catalunya Radio хабарлауынша, 29 жастағы Бразилия вингерін жыл басынан бері сол аяғының сан бұлшық еті мазалап жүр екен. Сондықтан бүгін оған демалыс берілуі мүмкін. Ол жарақатына қарамастан «Реалға» (3:2) қарсы ойынға қатысып, дубль жасаған екен.

Испания кубогының 1/8 финалы аясында өтетін «Расинг» – «Барселона» матчы бүгін 15 қаңтар, сағат 01:00-ге жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram