15.01.2026 14:36

Меньян «Миланмен» келісімшартты ұзартады

15.01.2026 14:36

Майк Меньян «Миланда» қалады

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2030 не 2031 жылға дейін ұзартуға жақын. Жаңа құжатқа сәйкес, Майктың бір жылдағы жалақысы бонустарды қосқанда жеті миллион еуроны құрайды екен.

30 жастағы француз қақпашысы «Милан» намысын 2021 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 22 матчта 18 гол өткізіп, 10 ойында қақпасына доп жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram