15.01.2026 11:33
«Ювентус» топ-шабуылшыға көз тікті
15.01.2026 11:33
«Кристал Пэлас» шабуылшысы Жан-Филипп Матета «Ювентуске» ауысуы мүмкін

Джанлука Ди Марционың хабарлауынша, Туриннің клубы 28 жастағы француз форвардын осы қыста қатарына қосқысы келеді.
«Бьянконери» Матета үшін 35 миллион еуро ұсынуға дайын. Ал Лондонның клубы 55-60 миллион қалап отыр.
Матета осы маусымда 32 матчта 10 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.