15.01.2026 10:52

Винисиус «Реалдағы» 350-матчын өткізді

15.01.2026 10:52

Испания кубогының 1/8 финалы аясында «Реал» «Альбасетеге» 2:3 есебімен жол берді

Бұл кездесу Винисиус Жуниордың «Реал» жейдесіндегі 350-ойыны болды. Ол мерейлі матчында толық 90 минут ойнап, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

25 жастағы Бразилия вингері Мадрид клубының намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта 112 гол соғып, 91 ассисттің авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram