15.01.2026 03:19
«Реал» Сегунда клубынан жеңіліп қалды
15.01.2026 03:19
«Реал» Испания Кубогының 1/8 финалында сырт алаңда «Альбасетеге» жол берді

Альбастеде өткен матч 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Мадрид клубының сапында Франко Мастантуоно мен Гонсало Гарсия дараланды.
Бұл Альваро Арбелоаның «бланкос» бапкері ретіндегі алғашқы матчы болған еді.
Айта кетейік, «Реал» келесі матчыын Испания Ла Лигасының 20-туры аясында 17 қаңтар күні «Левантеге» қарсы өткізеді.