15.01.2026 09:33

«Ювентус» жаңа қорғаушымен толығады

15.01.2026 09:33

«Борнмут» қорғаушысы Маркос Сенеси «Ювентуске» ауысуға жақын

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Туриннің клубы оны шілде айында қатарына еркін агент ретінде қосып алғысы келеді. Сенесидің өзі де ат басын Италияға бұруға дайын екен.

Одан бөлек оған «Барселона» қызығушылық танытуда.

28 жастағы Аргентина ойыншысы осы маусымда 22 матчқа қатысып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram