15.01.2026 15:28

Клопп «Реалды» баптауға дайын

15.01.2026 15:28

Юрген Клопп «Реал» бас бапкері атануы мүмкін

Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, Клопп Мадрид клубынан ұсыныс түссе оны міндетті түрде қарастырып көреді. Сондықтан келер жазда Юрген «Реал» бас бапкері атануы мүмкін.

58 жастағы маман қазір Red Bull компаниясының футбол жүйесінде жұмыс істейді. Оған өзінің жұмысы ұнайды екен, бірақ «Реалдан» немесе Германия құрамасынан ұсыныс түссе бапкерлікке оралуы бек мүмкін.

Айта кетейік, Клопттың соңғы клубы «Ливерпуль» (2015-2024) болған еді. Ал «Реал» бас бапкері қызметін 12 қаңтардан бері Альваро Арбелоа атқарады. Оның тұсындағы алғашқы матчта команда Сегундада 17-орында тұрған «Альбасетеге» (2:3) жеңіліп қалды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram