15.01.2026 15:06

«Бавария» ойыншысы жарақат алды

15.01.2026 15:06

«Бавария» қорғаушысы Конрад Лаймер жарақат алды

28 жастағы Аустрия ойыншысы «Кёльнге» (3:1) қарсы матчта балтыр бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты бүгін, 15 қаңтарда медициналық тексерістен өтеді. Нәтижесінде жарақаттың қаншалықты ауыр екені және қашан алаңға оралатыны белгілі болады.

Лаймер осы маусымда 26 матчта екі гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram