11.03.2026 16:43
Силва «Ювентуспен» келіссөз бастады
11.03.2026 16:43
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва «Ювентуске» ауысуы мүмкін

La Gazetta dello Sport хабарлауынша, қос тарап қазір келіссөз жүргізіп жатыр. Туриннің клубы 31 жастағы португалиялық ойыншыны келер жазда еркін агент ретінде алғысы келеді. Одан бөлек оған «Галатасарай» мен «Интер Майами» қызығушылық танытып отыр.
Бернарду қазір «Манчестер Ситимен» 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзарту жөнінде келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Сондықтан еркін агент атануы бек мүмкін.
Силва осы маусымда 38 матчта екі гол соғып, бес нәтижелі пас берді.