11.03.2026 13:51

Гризманн «Атлетикода» қалады

11.03.2026 13:51

«Атлетико» шабуылшысы Антуан Гризманн клубта қалатынын айтты

— «Мен осында бақыттымын және өзімді керемет сезінемін. «Атлетикомен» Чемпиондар лигасының финалына жетіп, Испания кубогын жеңсем деймін. Бұл менің арманым мен мақсатым»,– деді ол.

Осыған дейін Гризманның MLS клубы «Орландо Ситимен» келіссөз жүргізгені белгілі болған еді.

Гризманн – 210 голымен Мадрид клубының тарихындағы үздік сұрмерген. 34 жастағы француз шабуылшысы осы маусымда 40 матчта 13 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram