11.03.2026 12:57
Ямаль рекорд орнатты
11.03.2026 12:57
«Барселона» вингері Ламин Ямаль рекорд орнатты

Испаниялық футболшы 18 жас 240 күнінде Чемпиондар лигасында 30 матч өткізген ең жас ойыншы атанды.
Осылайша ол ПСЖ ойыншысы Уоррен Заир-Эмеридің (19 жас 227 күн) нәтижесін жаңартты.
Ламин Чемпиондар лигасында тоғыз гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.