11.03.2026 13:13

Лаутаро Мартинес АПЛ-ге ауысуы мүмкін

11.03.2026 13:13

«Интер» шабуылшысы Лаутаро Мартинес мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

La Nacion хабарлауынша, 28 жастағы аргентиналық ойыншыны «Челси» қатарына қосқысы келеді. Лондонның клубы оған келер жазда 100 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасауға дайын.

Мартинес «нерадзурри» намысын 2018 жылдан бері қорғайды. Ол осы маусымда 35 матчта 18 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram