11.03.2026 13:33
Альфонсо Дэвис тағы жарақат алды
11.03.2026 13:33
«Бавария» қорғаушысы Альфонсо Дэвис жарақат алды

25 жастағы канадалық ойыншы Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясындағы «Аталантаға» (6:1) қарсы бірінші матчта бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты белгісіз мерзімге қатардан шықты.
Дэвис былтыр наурызда оң жақ тізесінің айқыш байламын үзіп алып, ота жасатқан еді, соның салдарынан жеті айдай ойнамады. Сондай-ақ ол өткен айда «Айнтрахтқа» қарсы кездесуде бұлшық ет жарақатын алып, екі апта емделді.
Дэвис осы маусымда 13 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берді.