11.03.2026 15:56

Энцо Фернандес ПСЖ-ға ауысуы мүмкін

11.03.2026 15:56

«Челси» жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес клуб ауыстыруы мүмкін

L'Equipe хабарлауынша, 25 жастағы аргентиналық ойыншыға ПСЖ қызығушылық танытып отыр. Фернандес егер «Челси» келер маусымда Чемпиондар лигасына шыға алмаса кетуге дайын екен. Лондонның командасы да жақсы ұсыныс түскен жағдайда кез-келген клубпен келіссөз жүргізіп көруге әзір.

Қазір Париж клубының өкілдері Энцоның агентімен тығыз байланыста. Одан бөлек футболшыға көз тіккендердің қатарында «Реал» бар.

«Көктер» Фернандесті 2023 жылы «Бенфикадан» 121 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 42 матчта 11 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram