03.09.2025 19:29

Шешко: «Бундеслига мен АПЛ-дың деңгейі жер мен көктей»

03.09.2025 19:29

«Манчестер Юнайтед» футболшысы Беньямин Шешко Ағылшын Премьер-лигасы мен Бундеслиганы салыстырды

— «Бундеслига мен АПЛ-дың деңгейі жер мен көктей. Матчтардың қарқыны әлдеқайда жылдам. Футболшылар мен әріптестерімнің бәрі дерлік сақа ойыншылар. Түптің түбіне келгенде, АПЛ – әлемдегі ең үздік лига,– деді Шешко.

Еске салсақ, словениялық шабуылшы «Манчестер Юнайтед» сапына осы жазда «Лейпцигтен» 85 миллион еуроға ауысып келген болатын. Шешко АПЛ-де үш матчта алаңға шығып, бірде-бір нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram