14.11.2025 17:33
Серж Гнабриге екі клуб көз тікті
14.11.2025 17:33
«Ливерпуль» мен «Ювентус» Серж Гнабриге көз тікті

Gazzetta dello Sport мәліметінше, «Бавария» клубының жартылай қорғаушысы Серж Гнабриге бірден «Ливерпуль» мен «Ювентус» қызығушылық танытып отыр.
30 жастағы футболшының келісімшарты маусым соңында аяқталып, ол еркін агент атанады. Осыны пайдаланып, «Ювентус» ойыншыны тегін алу мүмкіндігін қарастыруда. Алайда басылымның жазуынша, «Ювентус» Гнабридің жалақысы мен бонустарына қатысты «Ливерпульмен» бәсекелес бола алмайтынын жақсы түсінеді.
Ал Гнабри болса, осы маусым соңында мансабындағы жаңа қадамды жасауға дайын екені жиі айтып жүр.
Ойыншы 2018 жылы «Хоффенхайм» сапынан «Баварияға» ауысқан еді.