14.11.2025 17:17

Мбаппе қатардан шықты

14.11.2025 17:17

«Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды

26 жастағы ойыншы оң аяғының тобығын зақымдап алыпты.

Осыған байланысты Франция құрамасының қосынынан кетті. Ал қатарға қашан оралатыны әзірге белгісіз болып тұр.

Франция түнде Украинаны (4:0) жеңіп, мезгілінен бұрын Әлем чемпионатына жолдама алған еді. Мбаппе осы матчта дубль авторы атанды.

«Үштүстілер» ӘЧ-2026 іріктеу турниріндегі соңғы матчын 16 қараша күні Әзербайжанға қарсы өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram