14.11.2025 15:41
«МЮ» іске кірісті
14.11.2025 15:41
«Манчестер Юнайтед» қыста Конор Галлахерді жалға алуды қарастыруда

Sun Sport басылымының мәліметінше, «Манчестер Юнайтед» жазғы трансфер терезесінің соңғы күні «Атлетико» жартылай қорғаушысы Конор Галлахерді сатып алу мүмкіндігін қарастырғанымен, мәміледен бас тартқан. Алайда қыста бұл жағдай өзгеруі мүмкін.
Клуб қаңтар айында ойыншыны маусым соңына дейін жалға алу нұсқасын талқылап жатыр. Сонымен қатар 2026 жылы 45 миллион фунт стерлинг көлемінде толық сатып алу құқығын қосу мүмкіндігін де қарастыруда.
Галлахердің «Атлетикодағы» болашағы белгісіз күйінде қалып отыр. Ал «Юнайтед» осы үнсіздікті тиімді пайдаланғысы келеді.