14.11.2025 15:27
Мессиге арналған мүсін тұрғызылады
14.11.2025 15:27
«Барселона» Мессиге арнап мүсін тұрғызатынын ресми растады

«Барселона» клубы өзінің аңыз ойыншыларының бірі Лионель Месси құрметіне мүсін орнату жоспарын ресми түрде жариялады. Мүсін «Камп Ноу» стадионының маңына орнатылады деп күтілуде.
Клуб президенті Жоан Лапорта бұл бастама Мессидің «Барселона» тарихындағы ерен еңбегі үшін салынатынын жеткізді. Оның айтуынша, жоба жанкүйерлер мен Мессидің отбасы үшін ерекше жағдай болмақ.
Лапорта:
«Біз жобаны дайындаймыз, Леоның отбасымен сөйлесеміз және олар келіссе, бірден іске кірісеміз», — деп мәлімдеді.