14.11.2025 15:01
Мактоминей «Манчестер Юнайтедке» оралуы мүмкін
14.11.2025 15:01
«Наполи» жартылай қорғаушысы Скотт Мактоминей клуб ауыстыруы мүмкін

Марк Брустың хабарлауынша, 28 жастағы ойыншыны «Манчестер Юнайтед» қайтарып алғысы келеді.
Сондай-ақ Шотландия футболшысына көз тіккендердің қатарында «Барселона», «Ньюкасл» және «Тоттенхэм» бар екен.
Айта кетейік, Мактоминей «Наполиге» 2024 жылы «Манчестер Юнайтедтен» келіп қосылған еді. Осы аралықта 50 ойында 17 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.