14.11.2025 15:16

Роналду ӘЧ-2026 тыс қалуы мүмкін

14.11.2025 15:16

Криштиану Роналду ӘЧ-2026 жарысының алғашқы ойынына қатыспауы мүмкін

Португалия құрамасының жұлдызы алдағы 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы матчында алаңға шықпай қалуы ықтимал. Бұған Ирландияға қарсы өткен кездесуде алған қызыл қағазы себеп болып отыр.

Ойын кезінде Роналду Ирландия қорғаушысы Дара О’ Шиге шынтақпен қасақана соққы жасады деп танылып, төреші оны алаңнан қуған еді. Эпизод бірден қызу талқыға түсіп, шабуылшының әрекеті көптеген сарапшылардың сынына ұшырады.

ФИФА регламентіне сәйкес, қасақана жасалған қауіпті әрекет үшін футболшыны 2–3 матчқа дейін дисквалификациялау қарастырылған. Егер тәртіптік комитет осы тармақты толық көлемде қолданса, Роналду әлем чемпионатының алғашқы ойынында құрамасына көмектесе алмайды.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram