14.11.2025 15:34
«Манчестер Сити» Родригоға көз тікті
14.11.2025 15:34
«Манчестер Сити» Родригоға әлі де қызығушылық танытып отыр

Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, «Манчестер Сити» «Реал» клубының вингері Родригоға деген қызығушылығын жоғалтқан жоқ.
«Сити» бас бапкері Пеп Гвардиола шабуылшыны жоғары бағалайды. Алайда ықтимал трансфер жазда ғана жүзеге асуы мүмкін. Мәміленің құны шамамен 80 миллион еуро болатыны айтылды.
Осыған дейін Родригоға «Тоттенхэм» қызығушылық танытқан. Дегенмен ресми ұсыныстар болмады. Ойыншының өзі «Реалда» қалып, өзін дәлелдегісі келеді.