14.11.2025 15:50
Майкл Олисеге төрт клуб көз тікті
14.11.2025 15:50
«Бавария» вингері Майкл Олисе клуб ауыстыруы мүмкін

Экрем Конурдың мәліметінше, 23 жастағы французға «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Челси» және ПСЖ қызығушылық танытып отыр.
Ал «Бавария» Олисе үшін 100 миллион еуродан жоғары ұсыныс түссе ғана оны қарастырады екен.
Олисе осы маусымда 17 матчта жеті гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.