21.08.2025 15:30

6

Шерхан Қалмұрза: ешқандай қорқыныш болмады

21.08.2025 15:30

6

«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрза «Соққы және гол!» резиденті Бексұлтан Кеулімқосқа берген сұхбатында «Селтикке» қарсы матчқа шығуға дайын болғанын айтты.

«Темірлан Анарбеков ағам секілді. Ол жарақат алған кезде уайымдадым. Ал ойын туралы айтсам, ешқандай қорқыныш болмады. Алаңға шығып, өз ойынымды көрсетуге дайын болдым. Адамдар неше түрлі жазып жатыр. Түсінеміз ғой.

Кез келген уақытта шығуға дайынмын. Сол үшін күнде жаттығу жасаймыз. Өзіме сенімдімін. Ешқандай қобалжу болмады. Тек ағамның жарақатын уайымдадым», – деді голкипер.

«Қайраттың» «Селтикке» қарсы матчында (0:0) Александр Заруцкий жарақат алып, орнын Темірлан Анарбеков басты. Бірақ кейін ол да қатардан шығып қала жаздап, басты назарда 18 жастағы Шерхан болған еді.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram