21.08.2025 12:11

68

Көзі жәутеңдеген Шерхан Қалмұрза екі дүркін чемпион атанып қойған

21.08.2025 12:11

68

«Қайрат» түлегі Шерхан Қалмұрзаның Темірлан Анарбеков жарақат алған сәтте қобалжығаны сонау Глазгодан сезіліп, біраз талқыланды.

18 жастағы қақпашы Freedom QJ League-да ерекше көзге түсіп, екі дүркін (2023, 2024) чемпион атанды.

Биылғы маусымға да тіркелген, бірақ ересектерге қосылып, «Қайрат Жастар» сапында Бірінші лигада ойнап жүр (6 матч).

Бойы 1.87 метрді құрайтын Қазақстан U19 құрамасының голкипері «Қайраттың» негізгі командасында әзірге бірде-бір матч өткізген жоқ.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram