21.08.2025 02:59

14

Чемпиондар лигасы: Дастан Сәтпаев Алматыдағы ойынға қатыспайды

21.08.2025 02:59

14

«Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев сары қағаздың көптігіне байланысты Алматыда өтетін Чемпиондар лигасының матчына қатыспайды

«Сары-қаралардың» басты жұлдызы Чемпиондар лигасына іріктеу кезеңінің финалы аясында «Селтикке» қарсы өткен ойынның соңғы минутында сары қағазбен жазаланды.

Осыған дейін 17 жастағы отандасымыз үшінші раундтағы Слованмен» ойында ескерту алған болатын.

Осылайша, оның еншісіндегі сары қағаздар саны екеуге жетіп, келесі матчқа қатысу құқығынан айырылды.

«Қайрат» пен «Селтик» арасындағы Глазгода өткен алғашқы матчта есеп ашылмады. Енді турнирдің негізгі кезеңіне берілетін жолдама 26 тамыз күні Алматыдағы «Орталық» стадионда өтетін ойында сарапқа салынады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram