20.08.2025 22:03
6
«Бенфика» мен «Реал Сосьедад» Дастан Сәтпаевқа қызығушылық танытқан
20.08.2025 22:03
6
«Қайраттың» 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев Nobel YouTube-арнасына берген сұхбатында «Челсиден» басқа бес клуб қызығушылық танытқанын айтты.
«Челсиден» бөлек, «Зенит», «Реал Сосьедад», «Бенфика», «Зальцбург» және «Марсель» қызығушылық танытты. Осы клубтардың ішінен «Челси» белсендірек болды. Сондықтан лондондықтарды таңдадым», – деді «Қайрат» шабуылшысы.
«Челси» Дастанды бонуспен қоса есептегенде 4,3 млн еуроға сатып алды. Бірақ тек 18 жасқа толғанда Лондонға аттанады.