20.08.2025 19:22

11

Дастан Сәтпаев бес уақыт намаз оқитынын айтты

20.08.2025 19:22

11

«Қайраттың» 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев Nobel YouTube-арнасына берген сұхбатында бес уақыт намаз оқитынын және дұғасы қабыл болғанын айтты.

«Каспийге» қарсы ойынның 20 минутында келдім. Өйткені намаз оқыдым. Әр кезде әрқалай басталады. Сол шақта жаттығу кезінде уақыты кіріп қойған. Бірақ біз жаттығудан кейін оқыдық. Жоқ, күніне екі емес, бес рет оқимыз.

Біріншіден, бұл рухани жағынан қатты көмектеседі. Барлығы жаратушыдан екенін және маған осы көмектесетінін білемін.

Мысалы, Еуропаның бір клубы болсын мен назарға алуын дұғама қосқанмын. Нәтижесінде тілегім орындалды», – деді шабуылшы Nobel-ге берген сұхбатында.

Дастан 18 жасқа толғанда «Челсиге» ауысады. Оған дейін «Қайраттың» намысын қорғап, Чемпиондар лигасына шығаруға тырысады.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram