21.08.2025 02:00

10

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» Шотландия жерінде сенсация жасады

21.08.2025 02:00

10

UEFA Чемпиондар лигасына іріктеу кезеңінің финалында «Қайрат» сырт алаңда «Селтикпен» тең тарқасты

Шотландияның Глазго қаласында өткен кездесуде есеп ашылмай, 0:0 нәтижесі тіркелді.

«Қайрат» алғашқы минуттан-ақ қорғанысқа сеніп қана қоймай, шабуылға иек артты. Алматының ұжымы Каспер Шмейхель қорғаған қақпаға біршама қауіп төндірді. Тіпті, матчтың 11-минутында команда капитаны Александр Мартынович гол соғып, есеп ашты. Алайда, Беларусь елінің қорғаушысы соққан гол офсайд деп танылып, есепке алынбады.

Ойынның екінші кезеңін «Селтик» ширақ бастады. Алаң иелері «Қайрат» қақпасының маңын ұзақ уақыт торуылдап, гол соғуға тырысты. Дегенмен, толассыз шабуылдарға «сары-қаралар» төтеп бере алады. Нәтижесінде, қазақстандық клуб тең есепті матч соңына дейін сақтап қала алды.

Қос команда арасындағы қарымта кездесу 26 тамыз күні Алматыдағы «Орталық» стадионда өтеді. Аталған матчтың нәтижесінде Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алатын команда белгілі болады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram