20.08.2025 23:08

7

Валерий Громыко негізгі құрамда шықты

20.08.2025 23:08

7

«Қайрат» ойыншысы Валерий Громыко UEFA Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің финалы аясындағы «Селтикке» қарсы алғашқы кездесуге қатысатын болды

Алғашында, алматылық команданың жартылай қорғаушысы үш сары қағаз алғаны үшін бұл ойынға қатыса алмайды деп күтілген. Ол ескертулерді «Олимпия», «КуПС» және «Слован» клубтарына қарсы өткен матчтарда алған болатын. Ережеге сәйкес, үш сары қағаз арқалаған футболшы келесі кезеңге қатысу құқығынан айырылатын.

Алайда UEFA-ның жаңартылған регламентіне сәйкес, алғашқы іріктеу кезеңінде көрсетілген бір сары қағаз есепке алынбайды. Осылайша, Громыконың «Олимпияға» қарсы ойында алған ескертуі күшін жойды.

Соның нәтижесінде, Громыко бүгінгі маңызды матчта командасына көмектесуге мүмкіндік алды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram