21.08.2025 12:56

3

Рафаэль Уразбахтин Дастан Сәтпаевты неліктен ауыстырмағанын айтты

21.08.2025 12:56

3

«Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Ермұхамед Мәуленге берген сұхбатында жағдайды қиындатып алмау үшін Дастан Сәтпаевті ертерек ауыстырмағанын айтты.

«Дастан қарсыластың қалай ойнайтынын түсініп, біліп алды. Сондықтан оны ауыстырсақ, керісінше, жағдайды қиындатып аламыз деп ойладық. Біз оның сәл шаршағанын және сары қағаз алуы мүмкін екенін білдік. Әлгі сәтте инерциямен аяғын көтеріп қалды.

Қарсыластың қапталында ротация көп болды. Ал соның барлығын Сәтпаев, Тапалов және Арад жақсы түсініп жүрді. Сондықтан шабуыл шебіне шыққан ойыншы дәл солай сапалы ойнай алмайды деп қорықтық.

Сондай-ақ Дастаннан бірнеше рет жағдайын сұрадық. Ол әлі ойнай алатынын айтты. Бірақ қарымта матчқа қатыса алмайтыны өкінішті», – деді 46 жастағы маман.

Дастан Глазгодағы ойында (0:0) алған сары қағазына байланысты 26 тамыз күні Алматыда өтетін «Селтикке» қарсы қарымта матчқа қатыса алмайды.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram