14.11.2025 23:54
Семеньоға төрт клуб көз тікті
14.11.2025 23:54
«Борнмут» жартылай қорғаушысы Антуан Семеньо клуб ауыстыруы мүмкін

Sky Sports хабарлауынша, 25 жастағы футболшыға «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед» және «Тоттенхэм» қызығушылық танытып отыр.
Аталған төрт клуб Гана ойыншысы үшін алдағы қыста таласқа түспек.
Айта кетейік, Семеньо Ағылшын Премьер-лигасының осы маусымында 11 ойында алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді.