14.11.2025 20:04
Қазақстан құрамасы Нидерландқа есе жіберді
14.11.2025 20:04
Қазақстан U17 құрамасы Еуро-2026 бірінші іріктеу кезеңі аясында Нидерландқа есе жіберді

Сырт алаңдағы кездесуде отандастарымыз 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Бізден жалғыз голды Дәулет Орынбасар соқты. Сондай-ақ Дәулет 90+3-минутта қызыл қағаз алды.
Екі ойыннан кейін үш ұпай жинаған командамыз топта екінші орында келеді. Енді біздің жігіттер 17 қарашада Албанияны қабылдайды.
Айта кетейік, іріктеудің екінші кезеңіне топтың екі үздік ұжымы жолдама алады. Ал негізгі турнир 25 мамыр мен 7 маусым аралығында Эстонияда өтеді.