14.11.2025 17:42
«Манчестер Юнайтед» Адейемиге қызығушылық танытты
14.11.2025 17:42
«Манчестер Юнайтед» Карим Адеемиге қызығушылық танытты

Футбол инсайдері Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, «Манчестер Юнайтед» Карим Адеемидің өкілдерімен байланысқа шыққан. Нақтырақ айтсақ ойыншының агенті Жорже Мендеш. Сарапшының айтуынша, қазіргі жағдай толық бақылауда.
Сонымен қатар, Дортмундтың «Боруссиясы» да 23 жастағы шабуылшымен келісімшартты ұзарту үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Алайда клуб пен ойыншы әлі ортақ келісімге келе қойған жоқ.
Адееми ағымдағы маусымда 3 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.