14.11.2025 23:31
Аргентина жеңіске жетті
14.11.2025 23:31
Ангола тәуелсіздігінің 50 жылдығына орай өткен матчта Аргентина мереке иесін 2:0 есебімен жеңді

Ойын барысында Лионель Месси бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Оның ассистін Лаутаро Мартинес сәтті пайдаланады.
«Альбиселесте» бұл матчтан 10 миллион доллар пайда тапты.
Айта кетейік, Лионель Скалонидің шәкірттері 2026 жылғы Әлем чемпионатына жолдама алып қойды.