14.11.2025 22:02
«Реал» Англия құрамасының ойыншысын алмақ
14.11.2025 22:02
«Ноттингем Форест» жартылай қорғаушысы Эллиот Андерсон мансабын «Реалда» жалғастыруы мүмкін

Defensa Central хабарлауынша, Мадрид клубының басшылығы 23 жастағы футболшыны командадан көргісі келеді.
Сондай-ақ Англия құрамасының ойыншысына «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед» және «Ньюкасл» қызығушылық танытып отыр.
«Орманшылар» да Эллиотпен қош айтысуға кетәрі емес. Бірақ, оны кемі 114 миллион еуроға бағалап отыр.
Андерсон осы маусымда Ағылшын Премьер-лигасында 11 ойында бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.