09.01.2026 15:06

Семеньо «Манчестер Ситиде» ерекше нөмірмен ойнайды

09.01.2026 15:06

Антуан Семеньо «Манчестер Ситиде» 42-нөмірмен тер төгеді

– «Бұл менің «Бристоль Ситидегі» (алғашқы клубы) нөмірім еді және ол мен үшін өте ыстық. «Борнмутта» арқалаған 24-нөмірді де алуға болатын еді, бірақ ол бос болмады. Сондықтан алғашқы нөмірімді таңдадым»,– деді 26 жастағы Гана вингері.

Айта кетейік, Семеньо Манчестердің клубына «Борнмуттан» ауысып келді. Қос тарап 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Ал трансфер құны бонустармен есептегенде 63,5 миллион фунт стерлингті құрады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram