09.01.2026 12:43
«Интер» ойыншысы АПЛ-ге ауысуы мүмкін
09.01.2026 12:43
«Интер» жартылай қорғаушысы Давиде Фраттези мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Джанлука Ди Марционың хабарлауынша, 26 жастағы Италия ойыншысының агенті «Ноттингем Форестпен» келіссөз жүргізіп жатыр екен. «Неррадзурри» оны 35 миллион еуроға сатуға дайын.
Фраттези осы маусымда 15 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берді.