09.01.2026 11:13

ПСЖ ойыншысы «Галатасарайға» ауысуы мүмкін

09.01.2026 11:13

ПСЖ жартылай қорғаушысы Фабиан Руис мансабын «Галатасарайда» жалғауы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, Ыстамбұл клубы 29 жастағы хавбекті сатып алу құқығымен жалға алғысы келеді. Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр екен. Бірақ әлі ресми ұсыныс түспеді.

Руис осы маусымда 21 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram