09.01.2026 09:31

Бруну Фернандеш ат басын Саудияға бұруы мүмкін

09.01.2026 09:31

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Бруну Фернандеш мансабын Сауд Арабиясында жалғауы мүмкін

Indykaila News хабарлауынша, оны «Әл-Хиләл» қатарына қосып алуды көздейді. Эр-Риядтың клубы 31 жастағы Португалия ойыншысы үшін манкуниандықтарға 100 миллион фунт стерлинг ұсынуға дайын. Ал Брунудың онда бір аптадағы жалақысы 600 мың фунт стерлингті құрайды екен.

Фернандеш осы маусымда 19 матчта бес гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram