09.01.2026 08:29

«Арсенал» – «Ливерпуль» матчында ерекше жайт тіркелді

09.01.2026 08:29

Ағылшын Премьер-лигасының 21-турында «Арсенал» «Ливерпульмен» тең тарқасты

Лондонда өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Осылайша кейінгі 10 жылда алғаш рет қос клуб арасындағы ойында гол соғылмады. Соңғы рет мұндай көрсеткіш 2015 жылдың 25 тамызында, АПЛ 3-туры аясындағы матчта тіркелген.

Содан бері командалар 20 рет жолығып, жалпы 79 гол соғылған екен.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram