09.01.2026 03:03

«Арсенал» мен «Ливерпуль» тең тарқасты

09.01.2026 03:03

Ағылшын Премьер-лигасының 21-туры аясында «Арсенал» өз алаңында «Ливерпульмен» тең тарқасты

«Эмирейтс» стадионында өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Осылайша 49-ұпайына қол жеткізген «Арсенал» турнир кестесінде көш басында қала береді. Ал 35-ұпайын олжалаған «Ливерпуль» төртінші орында келеді.

Келесі турда Микель Артетаның шәкірттері «Ноттингем Форестке» қонаққа барса, Арне Слоттың жігіттері «Бернлиді» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram