08.01.2026 21:59
«Реал» ойыншысы «Арсеналға» ауысуы мүмкін
08.01.2026 21:59
«Реал» жартылай қорғаушысы Арда Гүлер «Арсеналға» ауысуы мүмкін

E-Noticies хабарлауынша, Лондонның клубы 20 жастағы Түркия жұлдызына біраздан бері көз тігіп отыр екен. «Зеңбірекшілер» Арда үшін «Реалға» бонустармен есептегенде 100 миллион еуро ұсынуға дайын.
Гүлер осы маусымда 26 матчта үш гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.