08.01.2026 17:45
«Қайрат» – «Брюгге» матчының билеттері сатылымға шықты
08.01.2026 17:45
Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің 7-турында «Қайрат» өз алаңында Бельгияның «Брюгге» клубын қабылдайды

«Астана Аренада» өтетін матчтың билеттері бүгін, 8 қаңтарда сатылымға шықты. Билеттер 15 000 – 50 000 теңге арасында саудаланып жатыр. Оны Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларынан таба аласыздар.
Айтулы матч 20 қаңтар күні сағат 20:30-ға жоспарланған.